Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 118 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 390 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 желтоқсанда № 7044 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3-бабының 6) тармақшасына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Ақжарма ауылдық округінің мынадай елді мекендері:

      1) Қубас елді мекені Талдыарал елді мекенінің құрамына енгізілсін;

      2) Қалғандария елді мекені таратылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі К. Искаков
      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезекті 40-сессиясының төрағасы,
Қызылорда облыстық
мәслихатының хатшысы
К. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады