Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 28.01.2021 № 17271 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7, 8, 9) - тармақшаларына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қызылорда қаласы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн, ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн екі пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгiленсiн.
2. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Қызылорда қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қала әкімі | Н. НАЛИБАЕВ |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қазандағы № 14460 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 05.02.2020 № 15043 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 275 | 1,8 | 5 |
2 | Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 100 | 2 | 2 |
3 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалы | 273 | 1,8 | 5 |
4 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 200 | 2 | 4 |
5 | "Самат-Мұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 241 | 2 | 5 |
6 | "ПРОМСТРОЙСЕРВИС.Е" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 83 | 2,4 | 2 |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қазандағы № 14460 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 05.02.2020 № 15043 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 275 | 1,8 | 5 |
2 | Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 100 | 2 | 2 |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қазандағы № 14460 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшiн квота
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 05.02.2020 № 15043 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 275 | 1,8 | 5 |
2 | Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Табиғат" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 100 | 2 | 2 |
3 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 200 | 2 | 4 |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы "18" қазандағы № 14460 қаулысына 4-қосымша |
Қызылорда қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Қызылорда қаласы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 10132 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6150 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 1 ақпанда жарияланған);
2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 23 шілдедегі № 11541/3 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6404 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 тамызда жарияланған);
3. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 12620 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6684 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 25 ақпанда жарияланған).