Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 18.10.2019 № 14460 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 7696 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5855 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 9 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы | А. Шәменов |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 12.02.2019 № 12620 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 598 | 2 | 12 |
2 | "Нұр-Береке М" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 10 | 2 | 1 |
3 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалы | 22 | 2 | 1 |
4 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 657 | 2 | 13 |
5 | "САМАТ-МҰНАЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2 | 2 |
6 | "Жігер" Қызылорда облысының мүгедектерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 2 | 1 |
7 | "Қызылорда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 300 | 2 | 6 |
8 | "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 2 | 1 |
9 | "Пәтер иелерінің "Шапағат кооперативі" тұтыну кооперативі | 15 | 2 | 1 |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 12.02.2019 № 12620 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Қызылорда тазалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 598 | 2 | 12 |
2 | "Нұр-Береке М" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі | 10 | 2 | 1 |
3 | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Қызылорда" филиалы | 22 | 2 | 1 |
4 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 657 | 2 | 13 |
5 | "САМАТ-МҰНАЙ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 80 | 2 | 2 |
6 | "Жігер" Қызылорда облысының мүгедектерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 10 | 2 | 1 |
7 | "Қызылорда" автобус паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 300 | 2 | 6 |
8 | "Ұшқын" Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 2 | 1 |
9 | "Пәтер иелерінің "Шапағат кооперативі" тұтыну кооперативі | 15 | 2 | 1 |
Қызылорда қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №10132 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 12.02.2019 № 12620 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "№3 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 449 | 2 | 9 |
2 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "№5 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 228 | 2 | 5 |
3 | Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "№6 қалалық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 405 | 2 | 8 |
4 | Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Мүгедектерге арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 63 | 2 | 1 |