Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 02.10.2019 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10–1–бабының 7 тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 10 маусымындағы №06-341 ұсынысы негізінде, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжарма ауылдық округіндегі Ж. Адилованың шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдардың арасында сарып (бруцеллез) ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылжарма ауылдық округінің әкімі | Б. Оспанов |