Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 59 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 1 шілдеде № 6837 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 2 қазандағы № 95 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округі әкімінің 02.10.2019 № 95 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10–1–бабының 7 тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2019 жылғы 10 маусымындағы №06-341 ұсынысы негізінде, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылжарма ауылдық округіндегі Ж. Адилованың шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малдардың арасында сарып (бруцеллез) ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Б. Оспанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады