Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 26.12.2022 № 146-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жегілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамызындағы № 150-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5598 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйектегі "Толқын" газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 27 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ | М. ОРАЗБАЕВ |
Арал ауданы әкiмдігiнiң 2019 жылғы "24" қаңтар № 6-қ қаулысына қосымша |
|
Арал ауданы әкiмдігiнiң 2016 жылғы "25" тамыздағы № 150-қ қаулысына қосымша |
Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
№ | Елді мекен атауы | Орналасқан орны |
1 | Арал қаласы | Ғ. Мұратбаев көшесінің бас жағы |
2 | Ақирек ауылдық округі | Ақбай ауылы, Самара-Шымкент трассасының Ақбай ауылына кіре берісіндегі жолдың оң түстік жағы |