Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 150-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5598 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 146-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 26.12.2022 № 146-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Р. Өтешов

  Арал ауданы әкiмдігiнiң
2016 жылғы "25" тамыздағы
№ 150-қ қаулысына қосымша

Арал ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 24.01.2019 № 6-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).

Елді мекен атауы

Орналасқан орны

1

Арал қаласы

Ғ. Мұратбаев көшесінің бас жағы

2

Ақирек ауылдық округі

Ақбай ауылы, Самара-Шымкент трассасының Ақбай ауылына кіре берісіндегі жолдың оң түстік жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады