Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшерін бекіту туралы

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 9 қазандағы № 274 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 қазанда № 6932 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 27.02.2024 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5тармағына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 27.02.2024 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының кезекті
елуінші сессиясының төрағасы
Ж. Баймырзаев
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының
2019 жылғы 9 қазандағы
№ 274 шешіміне қосымша

Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 27.02.2024 № 185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Арал ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – "Арал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

      3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жиынтық тізімдердің негізінде мамандардан өтініш талап етпестен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аральского района

Решение Аральского районного маслихата Кызылординской области от 9 октября 2019 года № 274. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 октября 2019 года № 6932.

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Аральского районного маслихата Кызылординской области от 27.02.2024 № 185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" Аральский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аральского района, согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Аральского районного маслихата Кызылординской области от 27.02.2024 № 185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной пятидесятой
сессии Аральского районного маслихата
Ж. Баймырзаев
      Секретарь Аральского районного маслихата Д. Мадинов

  Приложение к решению
Аральского районного маслихата
от 9 октября 2019 года № 274

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аральского района

      Сноска. Приложение - в редакции решения Аральского районного маслихата Кызылординской области от 27.02.2024 № 185 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее - социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аральского района (далее - специалисты).

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом – коммунальным государственным учреждением "Аральский районный отдел занятости и социальных программ".

      3. Социальная поддержка оказывается без истребования заявлений от специалистов на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Социальная поддержка осуществляется путем перечисления на лицевые счета специалистов через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 4 месячных расчетных показателей.