"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Сексеуіл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:
1) Степная көшесі "Ахметжан Бижанов" есімімен;
2) Деповская көшесі "Қалы Есеев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сексеуіл кентінің әкімі | С. Турешов |