Көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл кенті әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 157 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 7034 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі № 1 қорытындысына сәйкес Сексеуіл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сексеуіл кентінің келесі көшелері:

      1) Степная көшесі "Ахметжан Бижанов" есімімен;

      2) Деповская көшесі "Қалы Есеев" есімімен қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сексеуіл кентінің әкімі С. Турешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады