Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Әйтеке би кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 181 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4614 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 наурызда, "Қазалы" газетінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған) шешімі;
2) "Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды көму тарифін бекіту туралы"Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 361 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5262 нөмірімен тіркелген,"Тұран-Қазалы" газетінде 2015 жылғы 18 қарашада, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған) шешімі.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XХХVІІІ сессиясының төрағасы |
Қ.Қожалепесов |
Аудандық мәслихат хатшысы | К.Назымбеков |
Қазалы аудандық мәслихаттың 2019 жылғы "12" ақпандағы № 276 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға (теңге) |
1 | Жайлы үйлер үшін | айына 1 адамға | 197,29 |
2 | Жайлы емес үйлер үшін | айына 1 адамға | 236,75 |
3 | Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін | 1 текше метр | 2367,52 |