Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 12 ақпандағы № 276 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 13 ақпанда № 6687 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әйтеке би кенті бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 181 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4614 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 наурызда, "Қазалы" газетінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған) шешімі;

      2) "Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды көму тарифін бекіту туралы"Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 361 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5262 нөмірімен тіркелген,"Тұран-Қазалы" газетінде 2015 жылғы 18 қарашада, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 ақпанда жарияланған) шешімі.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың XХХVІІІ
сессиясының төрағасы
Қ.Қожалепесов
      Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихаттың
2019 жылғы "12" ақпандағы
№ 276 шешіміне қосымша

Қазалы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атаулары

Есептік бірлік

Баға (теңге)

1

Жайлы үйлер үшін

айына 1 адамға

197,29

2

Жайлы емес үйлер үшін

айына 1 адамға

236,75

3

Шаруашылық субъектілер-абоненттер үшін

1 текше метр

2367,52


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады