Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.07.2024 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 122 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5946 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XХХXI сессиясының төрағасы |
Б.Ізмағанбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | К.Назымбеков |
Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы "24" мамырдағы №296 шешіміне қосымша | |
Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы "27" шілдедегі ХV сессиясының №122 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандары | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,20 | |
2 | Жатақханалар, интернаттар | 1 орын | 0,61 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 0,71 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,00 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,91 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,05 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,12 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,57 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,13 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,25 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,03 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13 | Спорттық, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,64 |
15 | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 | 1,20 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,38 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,25 |
20 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,23 |
21 | Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автомобильді май құю бекеті, гараждар | 1 машина-орын | 1,50 |
22 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 0,95 |
23 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,17 |
24 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |
25 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,32 |
26 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 2,48 |
27 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
28 | Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушы | 0,09 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
м2 - шаршы метр;
м3 - текше метр.