"Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 122 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 мамырдағы № 296 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 6799 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 122 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5946 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың XХХXI
сессиясының төрағасы
Б.Ізмағанбетов
      Аудандық мәслихат хатшысы К.Назымбеков

  Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы "24" мамырдағы №296 шешіміне қосымша
  Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы "27" шілдедегі ХV сессиясының №122 шешіміне қосымша

Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандары

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық норма, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,00

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,20

2

Жатақханалар, интернаттар

1 орын

0,61

3

Қонақ үйлер

1 орын

0,71

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

1,00

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банкілері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,91

6

Емханалар

1 келіп кету

0,05

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,12

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,57

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,13

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,25

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,03

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,07

13

Спорттық, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,24

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 м2

0,64

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

1,20

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,38

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базарлары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,14

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базарлары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,05

19

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 м2

0,25

20

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,23

21

Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автомобильді май құю бекеті, гараждар

1 машина-орын

1,50

22

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,95

23

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,17

24

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,31

25

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,32

26

Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

2,48

27

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,12

28

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар

1000 қатысушы

0,09

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 - шаршы метр;

      м3 - текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады