"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 204 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4667 нөмірімен тіркелген, "Тұран-Қазалы" газетінде 2014 жылғы 24 мамырда, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 мамырда жарияланған) шешімі;
2) ""Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі №204 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 261 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4820 нөмірімен тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда, "Тұран-Қазалы" газетінде 2015 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың XХХXI сессиясының төрағасы |
Б.Ізмағанбетов |
Аудандық мәслихат хатшысы | К.Назымбеков |