Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.05.2019 № 295 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 1- тармағы 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 - бабының 5 - тармағына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 204 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4667 нөмірімен тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 43 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін.
1-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, спорт, мәдениет, білім берудің педагог кызметкерлеріне және ветеринария саласындағы мамандарға, оның ішінде ветеринариялық пункттердің мамандарына тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы түрінде әлеуметтік көмек берілсін.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазалы аудандық мәслихатының | |
кезектен тыс XXХVІІІ сессиясының төрағасы, | |
Қазалы аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Т.Бөріқұлақов |