Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округі әкімінің 27.09.2019 № 48 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлiгiнің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 7-09-289 ұсынысы негізінде, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ғ.Мұратбаев ауылдық округi Ғ.Мұратбаев ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты Көбейсін Іскендіров, Ғани Мұратбаев, Қали Наурызбаев, Жанқожа батыр, Қуандық әулие, Сәкен Сейфулин, Қорқыт ата көшелерінде шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі | А. Рыстығұл |