Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 48 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қыркүйекте № 6920 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2019 жылғы 25 қыркүйектегі №7-09-561 ұсынысы негізінде, Ғ.Мұратбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ғ.Мұратбаев ауылдық округi Ғ.Мұратбаев ауылының аумағында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты Көбейсін Іскендіров, Ғани Мұратбаев, Қали Наурызбаев, Жанқожа батыр, Қуандық әулие, Сәкен Сейфулин, Қорқыт ата көшелерінде белгіленген шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ғ.Мұратбаев ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 04 маусымдағы № 27 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6812 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 маусымда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Рыстығұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады