"Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы" Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы № 607 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 6060 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қармақшы ауданының әкімі | С. Мақашов |
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы "16" сәуірдегі № 934 қаулысына қосымша | |
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы "22" қарашадағы № 607 қаулысына қосымша |
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп- қарау негізінде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы