"Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы №607 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 934 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 сәуірде № 6773 болып тіркелді

      "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы" Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы № 607 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 6060 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

  Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы "16" сәуірдегі № 934 қаулысына қосымша
  Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы "22" қарашадағы № 607 қаулысына қосымша

Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп- қарау негізінде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады