"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері қосымшаға сәйкес белгіленсін
2. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы "Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" №314 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 20 қыркүйекте №5604 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ә.Қошалақов |
"КЕЛІСІЛДІ" Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы М.Наятұлы |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы "12" шілдедегі № 986 қаулысына қосымша |
Қармақшы ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері
№ | Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары | Тарифтік бағасы (теңге) |
1 | Жосалы кенті – Т.Көмекбаев ауылы | 800 |
2 | Жосалы кенті – Алдашбай Ахун ауылы | 500 |
3 | Жосалы кенті – ІІІ-Интернационал ауылы | 400 |
4 | Жосалы кенті – Дүр-Оңғар ауылы | 400 |
5 | Жосалы кенті – Иіркөл ауылы | 300 |
6 | Жосалы кенті – Тұрмағанбет ауылы | 500 |
7 | Жосалы кенті – Ақжар ауылы | 500 |
8 | Жосалы кенті –Төретам кенті | 400 |
9 | Жосалы кенті – Қармақшы ауылы | 200 |
10 | Жосалы кентінің №1, №2 маршруттары | 70 |
11 | Жосалы кентінің №1, №2 маршруттары (6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін) | 35 |