“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы “22” қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша |
2019 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер-лердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (пайыз) | Мүгедектер үшін жұмыс орындары ның саны (адам) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№31 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 120 | 3 | 4 |
2 | Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 101 | 3 | 3 |
3 | Жалағаш аудандық білім бөлімінің “№201 мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 182 | 3 | 5 |
4 | “Таң LTD” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 91 | 2 | 2 |
5 | “Сәрке батыр” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 3 | 3 |
БАРЛЫҒЫ | 594 | 17 |