“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес, Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылының келесі көшелеріне:
1) №1 атауы жоқ көшеге “Ақбөгет”;
2) №2 атауы жоқ көшеге “Атамекен” атаулары берілсін.
2. Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылының келесі тұйық көшелері:
1) Т. Боранбаев тұйық көшесі “Алғабас” атауымен;
2) С. Дәулетбеков тұйық көшесі “Ақарық” атауымен қайта аталсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу ауылдық округінің әкімі | Қ. Ниетқұлов |