Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 18 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 желтоқсанда № 7056 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 19 қыркүйектегі №1 қорытындысына сәйкес, Ақсу ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылының келесі көшелеріне:

      1) №1 атауы жоқ көшеге “Ақбөгет”;

      2) №2 атауы жоқ көшеге “Атамекен” атаулары берілсін.

      2. Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылының келесі тұйық көшелері:

      1) Т. Боранбаев тұйық көшесі “Алғабас” атауымен;

      2) С. Дәулетбеков тұйық көшесі “Ақарық” атауымен қайта аталсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу ауылдық округінің әкімі Қ. Ниетқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады