"Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/191 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 ақпандағы № 312 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 14 ақпанда № 6695 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 05-16/191 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6145 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде 2018 жылы 22 қантарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезектен тыс ХХХ сессиясының төрағасы
А.Налибаев
      Жаңақорған аудандық мәслихатының
хатшысы
Е. Ильясов

  Жаңақорған аудандық мәслихатының 2019 жылғы "11" ақпандағы № 312 шешіміне қосымша
  Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы "26" желтоқсандағы №05-16/191 шешіміне 1-қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары (бұдан әрі- Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Жаңақорған ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:

      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;

      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге.

      2. Тұрғын үй көмегі "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.

      3. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық бөлімі (бұдан әрі- Бөлім) және "электронды үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

      3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі 2 бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе порталы арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерiнен мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      5) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      6) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      7) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      8) банктік шоты;

      9) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      10) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      11) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      12) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Қағидалардың 4-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарын ғана ұсынады.

      4-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      4-2. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      4-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".

      5. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

      6. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес есептеледі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      8. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      9. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      10. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

      Үш адамға дейінгі отбасына – 100 киловатт;

      Үш адамнан жоғары отбасына - 150 киловатт.

      2) Газ пайдалану нормалары 1 айға:

      Үш адамға дейінгі отбасына – 10 килограмм;

      Үш адамнан жоғары отбасына – 20 килограмм.

      Газ құбырына жалғанған табиғи газ:

      Үш адамға дейінгі отбасына – 20 метр куб;

      Үш адамнан жоғары отбасына – 40 метр куб.

      3) Отын пайдалану от жағу маусымына (1 айға):

      отын (көмір): қазан, қараша айларына 500 килограмнан, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 1000 килограмнан, наурыз, сәуір айларына 500 килограмнан; газ құбырына жалғанған табиғи газ: қазан, қараша айларына 300 метр кубтан, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына 500 метр кубтан, наурыз, сәуір айларына 300 метр кубтан.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылу мен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      11. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      12. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.

      13. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есеп шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

О внесении изменения в решение Жанакорганского районного маслихата от 26 декабря 2017 года № 05-16/191 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи"

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 11 февраля 2019 года № 312. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 февраля 2019 года № 6695

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Жанакорганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанакорганского районного маслихата от 26 декабря 2017 года № 05-16/191 "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6145, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 22 января 2018 года) следующее изменение:

      приложение 1 указанного решения изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной ХХХ сессии
Жанакорганского районного маслихата
А.Налибаев
      Секретарь Жанакорганского районного
маслихата
Е.Ильясов

  Приложение к решению Жанакорганского районного маслихата от "11" февраля 2019 года № 312
  Приложение 1 к решению Жанакорганского районного маслихата от "26" декабря 2017 года № 05-16/191

Правила оказания жилищной помощи

      Настоящие Правила оказания жилищной помощи (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Жанакорганском районе, на оплату:

      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателям) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      2. Жилищная помощь назначается коммунальным государственным учреждением " Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Жанакорганского района " (далее - уполномоченный орган).

      3. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через отдел Жанакорганского района филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Кызылординской области (далее - Отдел) и веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      3-1. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в Отдел или на портал за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-2. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Отдела составляет восемь рабочих дней.

      4. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Отдел и/или посредством портал с предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) адресной справки с места жительства на заявителя (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки об отсутствии (наличии) недвижимого имущества (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      5) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      6) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      7) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      8) банковского счета;

      9) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);

      10) счета на потребление коммунальных услуг;

      11) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      12) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      При повторном обращении семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) представляет только подтверждающие документы о доходах семьи и счета на коммунальные расходы, за исключением случая, предусмотренного пунктом 4-5 настоящего Правила.

      4-1. При приеме документов через Отдел услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      4-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 настоящего Правила, работник Отдела выдает расписку об отказе в приеме документов.

      4-3. В случае обращения через портал, услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      4-4. Отдел принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      4-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством портала либо Отделом.

      4-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в Отдел или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      5. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом действующим законодательством и жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления на текущий квартал.

      6. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи рассчитывается на основании Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующий на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, утвержденные Приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 7412).

2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      8. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается для жителей в размере 12 процентов, от совокупного дохода семьи (гражданина).

      9. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      10. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии c нижеследующими нормами потребления:

      1) нормы потребления электроэнергии на 1 месяц:

      для семьи до трех человек – 100 киловатт;

      для семьи более трех человек – 150 киловатт;

      2) Нормы потребления газа на 1 месяц

      для семьи до трех человек - 10 килограмм;

      для семьи более трех человек - 20 килограмм.

      Подключенные к газопроводу природного газа:

      для семьи до трех человек – 20 метр куб;

      для семьи более трех человек – 40 метр куб.

      3) нормы потребления топлива на отопительный сезон (на 1 месяц):

      топливо (уголь): за октябрь, ноябрь месяцы по 500 килограммов, за декабрь, январь, февраль месяцы по 1000 килограммов, за март, апрель месяцы по 500 килограммов; подключенные к газопроводу природного газа: за октябрь, ноябрь месяцы по 300 метр куб, за декабрь, январь, февраль месяцы по 500 метр куб, за март, апрель месяцы по 300 метр куб.

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщикам услуг.

      11. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512.

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      12. Финансирование жилищной помощи осуществляется за счет средств соответствующего местного бюджета, а также за счет средств целевых текущих трансфертов (в случае их выделения).

      13. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации, осуществляющие отдельные виды банковской деятельности путем перечисление начисленных сумм на лицевые счета получателя жилищной помощи.