"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2019 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 14 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6668 болып тіркелген және 2019 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерту мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 қосымшасының 4-қатары жаңа редакцияда жазылсын:
4 | "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 120 | 2 | 2 |
мынадай мазмұндағы 5-қатармен толықтырылсын:
5 | "Ғалымжан" жеке кәсіпкері | 5 | 1 | 1 |
аталған қаулының 2 қосымшасының 2-қатары мынадай мазмұнмен толықтырылсын:
2 | "Сәулет" өндірістік кооперативі | 25 | 1 | 1 |
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г. КАЗАНТАЕВ |