"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" Сырдария ауданы әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 5 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6921 болып тіркелген, 2019 жылы 1 қазанында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Рустемов |