Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 287 "Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 237 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 29 қарашада № 4042 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 20.03.2020 № 44 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № 64 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18299 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 287 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3493 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент):

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі оқу орындары және жоғары оқу орындары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      мынандай мазмұндағы 2 тармақпен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "2. Мемлекеттік қызмет көсрету нысаны: қағаз түрінде";

      3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15744 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тегін тамақтануды беру туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды/қағаз жүзінде.";

      8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:

      1 процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсету үшін тиісті құжаттардың тізбесін қабылданғаны туралы қолхат береді.

      1 шарт - көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолхат береді.

      2 процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағымен көзделген көрсетілетін қызметті берушінің рәсімдері (іс-қимылдары);

      3 процесс - Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлігін (не нотариалды расталған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсыну кезінде құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.";

      мынадай мазмұндағы 8-1 тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігі тәртібін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және парольдің (порталда тіркелмеген қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталға тіркеледі;

      2) 1-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда ЖСН және парольді енгізу процесі (авторландыру процесі);

      3) 1-шарт - порталда ЖСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерінің дұрыстығы тексеріледі;

      4) 2-процесс - мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінде кемшіліктердің болуына байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

      5) 3-процесс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы регламентте көрсетілген қызметті таңдайды, экранға мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраныс нысаны шығады және көрсетілетін қызметті алушы нысанды оның құрылымы мен үлгілік талаптарын ескере отырып толтырады (мәліметтерді енгізеді), Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғайды, сондай-ақ сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдайды;

      6) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығы, сондай-ақ бірдейлендіру мәліметтерінің (сұраныста көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігі тексеріледі;

      7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;

      8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұранысын өңдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (қызмет алушының сұранысы) "электрондық үкімет" шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы электрондық үкіметтің аймақтық шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі - ЭҮАШ АЖО) жолданады;

      9) 3-шарт - көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының Cтандартта көрсетілген, мемлекеттік көрсететін қызметті көрсетуге негіз болатын жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексереді;

      10) 6-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында кемшіліктердің болуына байланысты сұратылып отырған мемлекеттік көрсететін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

      11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері диаграммамен осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес көрсетілген.";

      Регламент осы қаулының қосымшасына сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Ә. Сейдалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қ.Б. Жұмашевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2019 жылғы 13 қарашадағы
  № 237 қаулысына қосымша
  "Техникалық және кәсіптік, орта
  білімнен кейінгі және жоғары білім
  беру ұйымдарындағы
  тәрбиеленушілер мен білім
  алушылардың жекелеген санаттағы
  азаматтарына, сондай-ақ,
  қорғаншылық (қамқоршылықтағы)
  пен патронаттағы тұлғаларына тегін
  тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет регламентіне
  2 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЖСН –жеке сәйкестендіру номері

      ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңба

      ЭҮШ - "электрондық үкімет" шлюзі

      АЖО- автоматтандырылған жұмыс орны

      ЭҮАШ - электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі

Шартты белгілер:



О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Мангистауской области от 4 декабря 2017 года № 287 "Об утверждении регламентов государственной услуги в сфере образования"

Постановление акимата Мангистауской области от 13 ноября 2019 года № 237. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 29 ноября 2019 года № 4042. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20 марта 2020 года № 44

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Мангистауской области от 20.03.2020 № 44 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2019 года № 64 "О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 396 "Об утверждении стандарта государственной услуги "Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 18299) акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауской области от 4 декабря 2017 года № 287 "Об утверждении регламентов государственной услуги в сфере образования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3493, опубликовано 8 января 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в регламенте государственной услуги "Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования" (далее - Регламент):

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Государственная услуга "Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования" (далее – государственная услуга) оказывается организациями технического и профессионального, послесреднего образования, высшими учебными заведениями (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:

      1) канцелярию услугодателя;

      2) некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация);

      3) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал).";

      текст на казахском языке дополнен пунктом 2, текст на руском языке не изменяется;

      пункт 3 изложить в новой редакции:

      "3. Результат оказания государственной услуги – уведомление о предоставлении бесплатного питания по форме согласно приложению 1 к Стандарту государственной услуги "Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования", утвержденному приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 396 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15744) "Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования" (далее – Стандарт).

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная/бумажная.";

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Описание порядка обращения в Государственную корпорацию и (или) к иным услугодателям, длительность обработки запроса услугополучателя:

      процесс 1 – работник Государственной корпорации при обращении услугополучателя выдает расписку о приеме соответствующих документов для оказания государственной услуги, предусмотренных пунктом 9 Стандарта.

      условие 1 – в случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному пункту 9 Стандарта, работник Государственной корпорации отказывает в приеме заявления и выдает расписку по форме согласно приложению 3 к Стандарту.

      процесс 2 - процедуры (действия) услугодателя предусмотрены пунктом 5 регламента государственной услуги;

      процесс 3 – выдача работником Государственной корпорации готовых документов услугополучателю осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении документа, удостоверяющего личность (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности).

      Максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 15 (пятнадцать) минут;

      Максимально допустимое время обслуживания – 15 (пятнадцать) минут";

      дополнить пунктом 8-1 следующего содержания:

      "8-1. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услгополучателя при оказании государственной услуги через портал:

      1) услугополучатель осуществляет регистрацию на портале с помощью индивидуального идентификационного номера (далее – ИИН), а также пароля (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на портале);

      2) процесс-1 – процесс ввода услугополучателем ИИН и пароля (процесс авторизации) на портале для получения государственной услуги;

      3) условие - 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном услугополучателе через ИИН и пароль;

      4) процесс-2 – формирование порталом сообщения об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя;

      5) процесс-3 – выбор услугополучателем государственной услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания государственной услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) с учетом ее структуры и форматных требований, прикрепление к форме запроса необходимых копий документов в электронном виде, указанных в пункте 9 Стандарта, а также выбор услугополучателем регистрационного свидетельства электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) для удостоверения (подписания) запроса;

      6) условие-2– проверка на портале срока действия регистрационного свидетельства ЭЦП и отсутствия в списке отозванных (аннулированных) регистрационных свидетельств, а также соответствия идентификационных данных (между ИИН, указанным в запросе, и ИИН, указанным в регистрационном свидетельстве ЭЦП);

      7) процесс-4 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в связи с не подтверждением подлинности ЭЦП услугополучателя;

      8) процесс-5 – направление электронного документа (запроса услугополучателя), удостоверенного (подписанного) ЭЦП услугополучателем через шлюз "электронного правительства" (далее– ШЭП) в автоматизированное рабочее место регионального шлюза электронного правительства (далее – АРМ РШЭП) для обработки запроса услугодателем;

      9) условие-3 – проверка услугодателем соответствия приложенных услугополучателем документов, указанных в Cтандарте, которые являются основанием для оказания государственной услуги;

      10) процесс-6 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой государственной услуге в связи с имеющимися нарушениями в документах услугополучателя;

      11) процесс-7 – получение услугополучателем результата государственной услуги (уведомление в форме электронного документа), сформированного порталом. Результат оказания государственной услуги или мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги направляется услугополучателю в "личный кабинет" в форме электронного документа, удостоверенного ЭЦП уполномоченного лица услугодателя.

      Функциональные взаимодействия информационных систем, задействованных при оказании государственной услуги через портал приведены диаграммой согласно приложению 2 к настоящему Регламенту.";

      Регламент дополнить приложением 2 согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление образования Мангистауской области" (Сейдалиев А.А.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации, размещение на интернет – ресурсе акимата Мангистауской области.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области К.Б. Жумашева.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области С. Трумов

  Приложение к постановлению
  акимата Мангистауской области
  от 13 ноября 2019 года
  № 237
  Приложение 2 к регламенту
  государственной
  услуги "Предоставление бесплатного
  питания отдельным категориям
  граждан, а также лицам,
  находящимся под опекой (попечительством) и
  патронатом, обучающимся и
  воспитанникам организаций
  технического и профессионального,
  послесреднего и высшего
  образования"

Диаграмма функциональных взаимодействий информационных систем, задействованных в оказании государственной услуги через портал



      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      АРМ - автоматизированное рабочее место

      ИИН - индивидуального идентификационного номера

      РШЭП – региональный шлюз электронного правительства

      ШЭП - шлюз "электронного правительства"

      ЭЦП - электронной цифровой подпись

Условные обозначения: