Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 28.06.2021 № 03-04/1065 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 10-11-135 ұсынысының негізінде, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі №1751 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3163 болып тіркелген, 2016 жылдың 3 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 "Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Ақтау қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С.Д. Тулебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімінің орынбасары Т. Садвакасовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Ғ. Ниязов |