Ақтау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 03-04/1065 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 7 шілдеде № 23322 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1751 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3163 болып тіркелген);

      2) "Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1751 "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 24 шілдедегі № 1715 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3956 болып тіркелген).

      2. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Ж. Байпақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады