Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 25.06.2020 № 46/515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібі қосымша реттелсін.
2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2/26 "Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3067 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы М. Сарыев).
4. "Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Ермуханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық мәслихат хатшысы | С. Мыңбай |
Жаңаөзен қалалық мәслихатының | |
2019 жылғы 12 желтоқсандағы | |
№ 39/444 шешіміне қосымша |
Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі
1. Осы Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша реттелген тәртібі (әрі қарай - Қосымша тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу үшін Жаңаөзен қаласының әкімдігіне өтініш беріледі.
3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегізге толған уәкілдері береді.
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш оны өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.
Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін жері немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары, олардың тұратын және жұмыс (оқу) орны, өтініш берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі оның Жаңаөзен қаласының әкімдігінде тіркелген күнінен бастап есептеледі.
5. Жаңаөзен қаласының әкімдігі өтінішті қарайды және уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын қабылданған шешім туралы хабарлайды.
6. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтініш беру кезінде осы Қосымша тәртіптің 4-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда, Жаңаөзен қаласының әкімдігі жаңа өтініш беру арқылы жол берілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыныспен ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарау мерзімі ол түскен сәттен бастап есептеледі.
7. Жаңаөзен қаласының әкімдігі басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс істеуін, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда ұйымдастырушыларға шараны өткізудің өзге уақыты мен орындарын ұсынады.
8. Жауапта ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тоқтату бойынша және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету бойынша шұғыл шараларды қабылдауға жазбаша нұсқалады.
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің шешімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте шағымдалуы мүмкін.
9. Жаңаөзен қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу орны болып белгіленсін: 3 "А" шағын ауданының саябақ жанында орналасқан алаң.
10. Жаңаөзен қаласында шерулер және демонстрациялар өткізу орны болып келесі маршрут белгіленсін: "Ақсарай" қонақ үйінен "Шұғыла" шағын ауданындағы 54 үйдің маңында орналасқан бағдаршамға дейінгі автокөлік жолы.
11. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ өзге де қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
12. Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға тыйым салынады:
1) көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасауына;
2) елді мекеннің инфрақұрылым объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін кедергі келтіруіне;
3) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар орнатуына;
4) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына зиян келтіруіне;
5) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық залал келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруіне;
6) іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуына.
Қарастырылған нормалардың бұзылғаны үшін уәкілдер (ұйымдастырушылар) заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
13. Жиналысты, митингті, шеруді, пикетті және демонстрацияны өткізу орындарында жол берілмейді:
1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды пайдалануға;
2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарды (көзбен шолу, аудио және бейне) пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақырулары бар көпшілік алдында сөз сөйлеуге, біреулердің атына тіл тигізуге.
14. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізілуі тиіс.
15. Пикеттеу кезінде рұқсат етіледі:
1) пикеттелетін объектіде орналасуға (тұруға, отыруға);
2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
3) пикет тақырыбына сәйкес қысқа ұрандарды, слогандарды айғайлап айтуға.
16. Жаңаөзен қаласының әкімдігі бір күнде және сол күнмен уақытта бір және сол орында үшеуден аспайтын жеке дара пикетті өткізуге рұқсат беруі мүмкін. Түрлі жеке дара пикеттерге қатысушылар бір-бірінен елу метрден кем емес қашықтықта орналасуы немесе тікелей көрінуі шегінде болуы тиіс.
17. Пикетті өткізу өзге нысанға (митинг, жиналыс, шеру, демонстрация) өзгерген жағдайда белгіленген тәртіпте Жаңаөзен қаласы әкімдігінен рұқсат алу талап етіледі.
18. Егер жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзбеушілікті, тектік астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күштеп құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, Жаңаөзен қаласының әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады.
19. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің обьектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен, жылумен және басқа да энергия тасымалдаушылармен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.
20. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар Жаңаөзен қаласы әкімдігі өкілінің талабы бойынша сөзсіз тоқтатылуға тиіс, егер:
1) өтініш берілмесе;
2) тыйым салу туралы шешім қабылданса;
3) оларды өткізу тәртібі бұзылса;
4) тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе;
5) қоғамдық тәртіп бұзылса.
21. Жаңаөзен қаласы әкімдігі өкілінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан жағдайда, оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдары жиналысты, митингіні, шеруді, пикетті және демонстрацияны тоқтату бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
22. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
23. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу кезінде олардың қатысушыларымен азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке келтірілген материалдық залал заңда белгіленген тәртіпте өтелуге жатады.
24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізілетін жерде барлық туындаған қосымша шығындарды, оның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту және жарық беру бойынша оларды ұйымдастырушылар өтейді.