Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 12.04.2022 № 14/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 23 қаңтардағы №10-15-166 ұсынысының негізінде, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы №27/282 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2795 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамызда жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қарақия ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Е.Есенқосов).
3. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М.Аманиязова |
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы | А.Мееров |