Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 14/137 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 сәуірде № 27768 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 12 сәуірдегі № 14/137
  шешіміне қосымша

Күші жойылды деп танылған Қарақия аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/282 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2795 болып тіркелген).

      2. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 наурыздағы № 33/350 "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/282 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3000 болып тіркелген).

      3. Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/184 "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3553 болып тіркелген) қосымша болып табылатын Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің тізбесінің 5-тармағы.

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 28/297 "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/282 "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3856 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады