Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №69 "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 178 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 мамырда № 3880 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24 бабының 3, 6 тармақтарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №69  қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2663 болып тіркелген, 2015 жылы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";

      2 қосымшасында:

      реттік нөмірі 12 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Онды ауылдық округі, Онды ауылы

"Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд

      ".

      2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау ауданының әкімі Т. Көшмағанбетов

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауского района от 20 марта 2015 года №69 "О предоставлении помещений кандидатам для встречи с избирателями на договорной основе и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов"

Постановление акимата Мангистауского района Мангистауской области от 2 мая 2019 года № 178. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 3 мая 2019 года № 3880

      В соответствии с пунктами 4, 6 статьи 28 Конституционного Закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" и пунктами 3, 6 статьи 24 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат Мангистауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Мангистауского района от 20 марта 2015 года №69 "О предоставлении помещений кандидатам для встречи с избирателями на договорной основе и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2663, опубликовано 16 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      заголовок указанного постановления изложить в новой редакции:

      "О предоставлении помещений кандидатам на договорной основе для встреч с избирателями и определение мест для размещения агитационных печатных материалов в период выборов";

      в приложении 2:

      строку, порядковый номер 12 изложить в новой редакции:

      "

12

сельский округ Онды, село Онды

Информационный стенд в здании государственного учреждения "Средняя школа имени Абиша Кекилбайулы"

      ".

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Мангистауского района" (руководитель аппарата Шаркатбаева Ж.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Махмутова Е.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауского района Т. Кушмаганбетов