Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4, 6 тармақтарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 24 бабының 3, 6 тармақтарына сәйкес, Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №69 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2663 болып тіркелген, 2015 жылы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Сайлаулар кезінде сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы";
реттік нөмірі 12 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
12 | Онды ауылдық округі, Онды ауылы | "Әбіш Кекілбайұлы атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі ғимаратындағы ақпараттық стенд |
".
2. "Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Шарқатбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Т. Көшмағанбетов |