Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 10-15-136 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түпқараған ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленетін балалар үшін төлемақы алудың Ережесін бекіту туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 120 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2766 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынгаливке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Хамиев |