Түпқараған ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленетін балалар үшін төлемақы алудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Түпқараған аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 120 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 шілдеде № 2766 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 29.05.2019 № 85(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына және "Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Түпқараған ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленетін балалар үшін төлемақы алудың Ережесі" бекітілсін.

      2. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы № 102 "Ауданның мектепке дейінгі мекемелердегі балалар үшін төлемақы алу Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.

      3. "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы

Т. Алтынгалиев


  Түпқараған ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 маусым
№ 120 қаулысымен бекітілген

Түпқараған ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленетін балалар үшін төлемақы алудың Ережесі

      1. Түпқараған ауданының мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарындағы тәрбиеленетін балалар үшін төлемақы алудың Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, "Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес жасалды.

      2. Ереже мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленетін балалардың ата-анасынан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан ай-сайын төлемақы алудың тәртібін анықтайды.

      3. "Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілердің төмендегідей санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:

      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санатына:

      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға, тамақтандырудың ай-сайын алынатын төлемінің 60 пайызы ата-анасынан, немесе оларды алмастыратын тұлғалардан ұсталып, қалған 40 пайызы бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      4. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балаларға мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Түпқараған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      5) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн алынған табысы туралы анықтама (жұмыс iстейтiн ата–аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсiпкерлiк қызметтен және басқа қызмет түрлерiнен түсетiн кiрiсi, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi кiрiстер).

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында тәрбиелену және оқу кезеңiнде тегiн тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 4-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады