Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 6 тармағына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру туралы" Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 наурызда "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.";
көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Кенжалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынгалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Хамиев |
Түпқараған ауданы әкімдігінің | |
2019 жылғы "31" мамырдағы | |
№ 86 қаулысына қосымша | |
Түпқараған ауданы әкімдігінің | |
2011 жылғы 1 наурыздағы | |
№ 38 қаулысына 1 қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1. Стендтер, тақталар:
Форт-Шевченко қаласы бойынша:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы (Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 42 учаске);
2) "Қазақстан Халық жинақ банкі" ашық акционерлік қоғамының № 239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының маңы;
3) қалалық теміржол кассасы ғимаратының маңы (ескі автобекет);
4) "Нұрай" дүкенінің маңы (Түпқараған ауданы әкімдігінің "Түпқараған электр жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы);
Баутин ауылы бойынша:
1) Маңғыстау облысының білім басқармасының "Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы;
2) "Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы;
3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
1) "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі "Аташ кітапханасы" ғимаратының маңы;
Ақшұқыр ауылы бойынша:
1) "Қазпочта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы;
2) Түпқараған ауданы әкімдігінің "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының маңы;
3) "Малика" қосқабатты дүкенінің маңы;
4) Шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимаратының маңы;
Таушық ауылы бойынша:
1) "Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының маңы;
2) "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны және "Таушық ауыл шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің ортасы;
Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша:
1) "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны С.Шапағатов дәрігерлік амбулатория ғимаратының маңы;
3) "Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы.
2. Тұғырлар:
Форт-Шевченко қаласы бойынша:
1) Ақтау қаласы жағынан кіреберістегі автожолының екі қапталы;
2) Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының маңы;
Баутин ауылы бойынша:
1) Түпқараған ауданының әкімі аппараты "Ақбота" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының маңы;
2) "Достық" қонақ үйінің маңы;
Баутин ауылы Аташ елді мекені бойынша:
1) Әліби Жангелдин көшесінде орналасқан №1 қосқабатты тұрғын үйдің маңы;
Қызылөзен ауылы бойынша:
1) "Ақтаукоопсауда" дүкенінің маңы;
Таушық ауылы бойынша:
1) "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
Сайын Шапағатов ауылдық округі бойынша:
1) "Ғұбайдолла Айдаров атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының маңы;
Ақшұқыр ауылы бойынша:
1) "Жайлау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының маңы.