Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 9 тармағына және 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 1/7 "Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 5 наурыздағы № 19/129 "Бесінші сайланған Түпқараған аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3039 болып тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Э.Кельбетова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының өкілеттігін жүзеге асырушы, | |
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | А. Досанова |