Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/365 "Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 22/265 "2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4010 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/371 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3794 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 20 163 467,5 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 6 065 401,5 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 44 135,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 492 978,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 13 560 952,8 мың теңге;
2) шығындар – 19 610 489,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 45 015,5 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 189 374,5 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 144 359,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 507 963,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -507 963,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 189 374,5 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 716 401,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 19 063,5 мың теңге.";
2 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"2. 2019 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне 2 643 094,7 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін, оның ішінде:
Атамекен ауылдық округіне – 390 900,7 мың теңге;
Басқұдық ауылдық округіне – 451 512,4 мың теңге;
Батыр ауылдық округіне – 263 185,7 мың теңге;
Баянды ауылына – 185 400,1 мың теңге;
Дәулет ауылдық округіне – 198 778,1 мың теңге;
Қызылтөбе ауылдық округіне – 446 774,7 мың теңге;
Маңғыстау ауылына – 706 543,0 мың теңге.";
3 тармақтың 3) тармақшасы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 86,2 пайыз;";
4 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"4. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте мынадай көлемдерде республикалық бюджеттен және ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттердің қарастырылғаны ескерілсін:
1 941 543,0 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;
956 343,0 мың теңге – азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
928 284,0 мың теңге – бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;
62 169,0 мың теңге – жастар практикасы;
53 025,0 мың теңге – жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар ұсыну;
13 067,0 мың теңге - еңбек ақыны ішінара субсидиялау;
402 487,0 мың теңге – ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;
554 507,0 мың теңге – "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;
1 275,0 мың теңге – мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген снаттарының жалақысын көтеруге;
3 961,0 мың теңге – халықты жұмыспен қамту орталықтарына әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесшілері мен ассистенттерді енгізуге;
42 728,0 мың теңге – Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;
110 915,0 мың теңге – қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды қосымша қамтуды қамтамасыз ету.";
5 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"5. 2019 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке ағымдағы нысаналы трансферттер және нысаналы даму трансферттері бөлінгендігі ескерілсін. Оларды қолдану тәртібі аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес анықталады.";
6 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"6. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте мынадай көлемдерде республикалық бюджеттен даму нысаналы трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:
760 103,0 мың теңге - Қызылтөбе ауылдық округін сумен жабдықтау желілерінің құрылысына;
133 369,0 мың теңге – Маңғыстау ауылының Айрақты тұрғын массивін сумен жабдықтау желілерінің құрылысына;
263 011,0 мың теңге - Маңғыстау ауылының кәріз жүйесінің құрылысына;
421 197,0 мың теңге – Маңғыстау ауылының Бесшоқы тұрғын массивін сумен жабдықтау желілерінің құрылысына;
100 000,0 мың теңге – Басқұдық ауылдық округінде аудандық маңызы бар автомобиль жолын салуға.";
көрсетілген шешімнің 1 қосымшаcы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданының бюджет комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы Н. Жолбаев).
3. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Ширшикбаев |
Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Назар |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2019 жылғы 12 қарашадағы | |
№ 46/442 шешіміне қосымша | |
Мұнайлы аудандық мәслихатының | |
2019 жылғы 14 қаңтардағы | |
№ 35/371 шешіміне 1 қосымша |
2019 жылға арналған аудандық бюджет
Санаты | Атауы | Сомасы, мың тенге | ||
Сыныбы | ||||
Кіші сыныбы | ||||
1 | 2 | 3 | ||
1. Кірістер | 20 163 467,5 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 6 065 401,5 | ||
01 | Табыс салығы | 2 126 720,0 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 2 126 720,0 | ||
03 | Әлеуметтік салық | 1 692 551,0 | ||
1 | Әлеуметтік салық | 1 692 551,0 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2 165 745,5 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 2 052 810,0 | ||
3 | Жер салығы | 15 465,5 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 96 955,0 | ||
5 | Бірыңғай жер салығы | 515,0 | ||
05 | Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар | 54 913,0 | ||
2 | Акциздер | 5 880,0 | ||
3 | Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер | 29 239,0 | ||
4 | Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар | 19 500,0 | ||
5 | Ойын бизнесіне салық | 294,0 | ||
07 | Басқа да салықтар | 300,0 | ||
1 | Басқа да салықтар | 300,0 | ||
08 | Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер | 25 172,0 | ||
1 | Мемлекеттік баж | 25 172,0 | ||
2 | Салықтық емес түсiмдер | 44 135,2 | ||
01 | Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер | 17 167,2 | ||
1 | Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері | 64,0 | ||
5 | Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер | 16 875,0 | ||
7 | Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар | 228,2 | ||
04 | Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 11 510,0 | ||
1 | Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар | 11 510,0 | ||
06 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 15 458,0 | ||
1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 15 458,0 | ||
3 | Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер | 492 978,0 | ||
01 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 298 688,0 | ||
1 | Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату | 298 688,0 | ||
03 | Жерді және материалдық емес активтерді сату | 194 290,0 | ||
1 | Жерді сату | 161 192,0 | ||
2 | Материалдық емес активтерді сату | 33 098,0 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 13 560 952,8 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 13 560 952,8 | ||
2 | Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер | 13 560 952,8 | ||
Функционалдық топ | Атауы | Сомасы, мың тенге | ||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | ||||
Бағдарлама | ||||
1 | 2 | 3 | ||
2. Шығындар | 19 610 489,0 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 656 756,3 | ||
112 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты | 24 502,9 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 24 047,9 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 455,0 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 176 940,0 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 176 042,0 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 898,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 376 120,1 | ||
001 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 51 703,1 | ||
113 | Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | 320 573,0 | ||
003 | Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу | 2 687,0 | ||
010 | Жекешелендіру, коммуналдық меншікті басқару, жекешелендіруден кейінгі қызмет және осыған байланысты дауларды реттеу | 831,0 | ||
015 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 326,0 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 79 193,3 | ||
001 | Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 49 208,0 | ||
013 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 185,0 | ||
067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 29 800,3 | ||
02 | Қорғаныс | 13 235,3 | ||
122 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты | 13 235,3 | ||
005 | Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегі iс-шаралар | 13 235,3 | ||
03 | Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі | 28 680,4 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 4 027,0 | ||
021 | Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету | 4 027,0 | ||
499 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі | 24 653,4 | ||
001 | Жергілікті деңгейде азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 24 598,4 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 55,0 | ||
04 | Білім беру | 9 235 228,5 | ||
464 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 9 010 479,6 | ||
001 | Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 54 718,1 | ||
003 | Жалпы білім беру | 7 915 881,5 | ||
005 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу | 540 167,5 | ||
006 | Балаларға қосымша білім беру | 246 907,8 | ||
007 | Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу | 4 761,8 | ||
015 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайынға ақшалай қаражат төлемі | 25 885,0 | ||
009 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету | 88 118,4 | ||
012 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 55,0 | ||
022 | Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер | 573,0 | ||
040 | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға | 103 470,7 | ||
067 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 29 940,8 | ||
802 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі | 187 939,9 | ||
017 | Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру | 187 939,9 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 36 809,0 | ||
024 | Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | 36 809,0 | ||
06 | Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру | 3 391 549,3 | ||
464 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі | 863,0 | ||
030 | Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап бағу | 863,0 | ||
451 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі | 3 357 686,3 | ||
001 | Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 48 446,9 | ||
002 | Жұмыспен қамту бағдарламасы | 231 062,0 | ||
005 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек | 2 190 887,4 | ||
006 | Тұрғын үйге көмек көрсету | 200,0 | ||
007 | Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек | 635 341,0 | ||
010 | Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету | 15 251,0 | ||
011 | Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу | 8 556,0 | ||
014 | Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету | 45 293,0 | ||
017 | Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектердi мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну | 100 680,0 | ||
021 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 455,0 | ||
023 | Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету | 38 786,0 | ||
050 | Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту | 42 728,0 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 33 000,0 | ||
094 | Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру | 33 000,0 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 2 005 886,1 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 2 000 886,1 | ||
003 | Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау | 132 941,5 | ||
004 | Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру | 36 822,6 | ||
058 | Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту | 1 831 122,0 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 5 000,0 | ||
018 | Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру | 5 000,0 | ||
08 | Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 245 968,4 | ||
802 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі | 145 044,7 | ||
001 | Жергілікті деңгейде мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 24 050,6 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 55,0 | ||
004 | Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi | 24 839,1 | ||
005 | Мәдени-демалыс жұмысын қолдау | 82 210,0 | ||
007 | Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу | 5 725,0 | ||
008 | Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы | 8 000,0 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 165,0 | ||
470 | Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі | 80 923,7 | ||
001 | Жергiлiктi деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 39 643,7 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 55,0 | ||
004 | Жастар саясаты саласында іс-шараларды іске асыру | 31 427,0 | ||
005 | Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер | 9 798,0 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 20 000,0 | ||
011 | Мәдениет объектілерін дамыту | 20 000,0 | ||
10 | Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 183 977,3 | ||
463 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі | 31 607,8 | ||
001 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 29 114,0 | ||
003 | Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру | 1 998,8 | ||
007 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 495,0 | ||
474 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі | 87 682,5 | ||
001 | Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 86 958,5 | ||
003 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 0,0 | ||
012 | Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу | 689,0 | ||
032 | Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары | 35,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 64 687,0 | ||
099 | Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шараларды іске асыру | 64 687,0 | ||
11 | Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 57 776,9 | ||
467 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі | 34 455,6 | ||
001 | Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 34 361,6 | ||
017 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 94,0 | ||
468 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі | 23 321,3 | ||
001 | Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 23 027,9 | ||
004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 293,4 | ||
12 | Көлiк және коммуникация | 268 006,2 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 268 006,2 | ||
022 | Көлік инфрақұрылымын дамыту | 234 526,5 | ||
023 | Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 33 479,7 | ||
13 | Басқалар | 874 024,5 | ||
469 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі | 35 337,6 | ||
001 | Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер | 21 635,6 | ||
003 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | 13 356,0 | ||
004 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 346,0 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 203 725,0 | ||
012 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві | 10 000,0 | ||
026 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | 193 725,0 | ||
458 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі | 634 961,9 | ||
062 | "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру | 634 961,9 | ||
14 | Борышқа қызмет көрсету | 6 256,3 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 6 256,3 | ||
021 | Жергілікті атқарушы органдардың облыстық бюджеттен қарыздар бойынша сыйақылар мен өзге де төлемдерді төлеу бойынша борышына қызмет көрсету | 6 256,3 | ||
15 | Трансферттер | 2 643 143,5 | ||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 2 643 143,5 | ||
006 | Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару | 48,8 | ||
038 | Субвенциялар | 2 643 094,7 | ||
3. Таза бюджеттік кредиттеу | 45 015,5 | |||
Бюджеттік кредиттер | 189 374,5 | |||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 189 374,5 | ||
018 | Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер | 189 374,5 | ||
5 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 144 359,0 | ||
01 | Бюджеттік кредиттерді өтеу | 144 359,0 | ||
1 | Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу | 144 359,0 | ||
4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржы активтерін сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5. Бюджет тапшылығы (профициті) | 507 963,0 | |||
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | -507 963,0 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 189 374,5 | ||
01 | Мемлекеттік ішкі қарыздар | 189 374,5 | ||
2 | Қарыз алу келісім-шарттары | 189 374,5 | ||
Қарыздарды өтеу | 716 401,0 | |||
459 | Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі | 716 401,0 | ||
005 | Жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеу | 716 401,0 | ||
8 | Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары | 19 063,5 | ||
01 | Бюджет қаражаты қалдықтары | 19 063,5 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 19 063,5 |