"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің "Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына (2017 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7333 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімдіктің 2019 жылғы 27 мамырдағы № 220 қаулысына қосымша |
Әкімдіктің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысына қосымша |
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
р/с № | Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі | Орын | Ай сайынғы ақшалай жабдықталым мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) | ||
Спортшы | Жаттықтырушы | Клубтық команданың жетекшісі | |||
1 | Олимпиада ойындары | 1-орын | 150 | 3 | 3 |
2-орын | 125 | 3 | 3 | ||
3-орын | 100 | 3 | 3 | ||
4-орын | 90 | 3 | 3 | ||
5-орын | 75 | 3 | 3 | ||
6-орын | 60 | 3 | 3 | ||
лицензия | 40 | 3 | 3 | ||
2 | Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындары | 1-орын | 100 | 3 | 3 |
2-орын | 80 | 3 | 3 | ||
3-орын | 70 | 3 | 3 | ||
4-орын | 50 | 3 | 3 | ||
5-орын | 40 | 3 | 3 | ||
6-орын | 30 | 3 | 3 | ||
3 | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты | 1-орын | 100 | 3 | 3 |
2-орын | 80 | 3 | 3 | ||
3-орын | 60 | 3 | 3 | ||
4 | Барлық санаттағы Азия ойындары | 1-орын | 80 | 3 | 3 |
2-орын | 70 | 3 | 3 | ||
3-орын | 60 | 3 | 3 | ||
5 | Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары | 1-орын | 70 | 3 | 3 |
2-орын | 50 | 3 | 3 | ||
3-орын | 40 | 3 | 3 | ||
6 | Олимпиадалық спорт түрлерінен әлем кубогы, олимпиадалық спорт түрлерінен Азия чемпионаты, олимпиадалық емес спорт түрлерінен әлем чемпионаты | 1-орын | 60 | 3 | 3 |
2-орын | 50 | 3 | 3 | ||
3-орын | 40 | 3 | 3 | ||
7 | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты, Дүниежүзілік Универсиадасы | 1-орын | 50 | 3 | 3 |
2-орын | 40 | 3 | 3 | ||
3-орын | 30 | 3 | 3 | ||
8 | Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жасөспірімдер, кадеттер арасындағы әлем чемпионаты, олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты | 1-орын | 40 | 3 | 3 |
2-орын | 30 | 3 | 3 | ||
3-орын | 20 | 3 | 3 | ||
9 | Олимпиадалық, паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 30 | 3 | 3 |
2-орын | 25 | 3 | 3 | ||
3-орын | 20 | 3 | 3 | ||
10 | Олимпиадалық емес және спорттың ойналатын түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) | 1-орын | 20 | 3 | 3 |