"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 100 (2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6749 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында:
"Таран" сөзі "Бейімбет Майлин" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
14 | Бейімбет Майлин ауданы | 60 731 | 68 485 | 71 757 |
";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 14-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
14 | Бейімбет Майлин ауданы | 14 626 | 15 658 | 16 587 |
".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |