"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін барлық кандидаттарға үй-жайлар ұсыну туралы" 2017 жылғы 10 мамырдағы № 578 қаулысына (2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
реттік нөмірлері 6, 7, 15, 18-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
6. | Рудный қаласы | П. Корчагин көшесі, 153-құрылыс, Рудный қаласы әкімдігінің "Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
7. | Рудный қаласы | И. Франко көшесі, 32-құрылыс, Рудный қаласы әкімдігінің "№ 10 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
",
"
15. | Рудный қаласы | Садовая көшесі, 16-құрылыс, Рудный қаласы әкімдігінің "№ 20 негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
",
"
18. | Рудный қаласы | Комсомол даңғылы, 45-құрылыс, Рудный қаласы әкімдігінің "Балалар мен жастарды дамыту және шығармашылық сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
";
реттік нөмірі 19-жол алынып тасталсын.
2. "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Рудный қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Ескатов |