Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 578 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 маусымда № 7098 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 19.07.2021 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Рудный қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 19.07.2021 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 19.07.2021 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
қаласының әкімі
Б. Ғаязов

  Рудный қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 10 мамырдағы
№ 578 қаулысына 1-қосымша

Барлық кандидаттарға үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 19.07.2021 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Рудный қаласы:

      Ленин көшесі:

      № 46 үй маңындағы тұғырлық;

      № 56 құрылыс маңындағы тұғырлық;

      № 93 үй маңындағы тұғырлық;

      № 187а үй маңындағы тұғырлық;

      № 153 үй маңындағы тұғырлық;

      50 лет Октября көшесі, № 98 үй маңындағы тұғырлық;

      П. Корчагин көшесі:

      № 94 үй маңындағы тұғырлық;

      № 100 үй маңындағы тұғырлық;

      Н.Ф. Сандригайло көшесі, № 63 үй маңындағы тұғырлық;

      Комсомол даңғылы, № 20/1 құрылыс маңындағы тұғырлық;

      Садовая көшесі, № 16 үй маңындағы тұғырлық;

      Молодая Гвардия көшесі, № 30а үй маңындағы тұғырлық.

      2. Қашар кенті:

      2-шағын аудан, № 72 үй маңындағы тұғырлық;

      1-шағын аудан, № 84 үй маңындағы тұғырлық.

      3. Горняцк кенті, Академик Сәтпаев көшесі, № 24 үй маңындағы тұғырлық.

      4. Перцев ауылы, Юбилейная көшесі, № 38 құрылыс маңындағы тұғырлық.

  Рудный қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 10 мамырдағы
№ 578 қаулысына 2-қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін барлық кандидаттарға шарттық негізде үй-жайлар

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 19.07.2021 № 822 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады