Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 10.06.2020 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2019 жылғы "4" мамырдағы әкімдіктің № 61 қаулысына қосымша |
Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді-мекеннің атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын |
1 | Танабай ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Димитров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
2 | Воробьевское ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Воробьев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
3 | Докучаев ауылы | "Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
4 | Шоқай ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Қарағайлы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
5 | Первомайское ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Омар Шипин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
6 | Темір Қазық ауылы | |
7 | Ілияс Омаров атындағы ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Лермонтов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
8 | Жаңасу ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Жаңасу негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
9 | Новоалексеев ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Новоалексеев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
10 | Приозерное ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Приозерный орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
11 | Кубековка ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Көбек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
12 | Обаған ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің мектеп жанындағы интернатымен Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
13 | Большой Чураков ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Больше-Чураков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
14 | Новониколаев ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ново-Николаев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
15 | Осиповка ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Осипов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
16 | Силантьевка ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Силантьев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
17 | Зуев ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Зуев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
18 | Щербаков ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
19 | Сатай ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Сатай негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
20 | Басбек ауылы | |
21 | Красный Кордон ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Краснокордон орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |
22 | Свердловка ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Свердлов орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының стенд |
23 | Щербаково ауылы | "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Мәриям Хакімжанова атындағы Щербаков орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы стенд |