Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 83 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 маусымда № 9270 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтынсарин аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша), сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Алтынсарин ауданы әкімдігінің "Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2019 жылғы 4 мамырдағы № 61 қаулысының (2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8406 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Алтынсарин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Жаманов

  Әкімдіктің
2020 жылғы 10 маусымдағы
№ 83 қаулысына
қосымша

Сайлау алдындағы үгітті жүргізуге барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 15.02.2023 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

1

Большая Чураковка ауылы

"Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

2

Новониколаевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ново-Николаев бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

3

Осиповка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Осипов бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

4

Силантьев ауылы

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

5

Силантьев ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Силантьев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

6

Бирюковка ауылы

Целинный көшесі, 10 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

7

Зуевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Зуев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

8

Щербаков ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Мариям Хакимжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

9

Сатай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданының білім бөлімінің Сатай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

10

Красный Кордон ауылы

"Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің Красный кордон ауылының мәдениет үйі ғимаратының жанындағы стенд

11

Свердловка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

12

Танабай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Димитров жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

13

Воробьевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Воробьевское бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

14

Докучаевка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Докучаев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

15

Шоқай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Қарағайлы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

16

Первомайское ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Омар Шипин атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

17

Темір Қазық ауылы

Бейбітшілік көшесі, 9 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

18

Ілияс Омаров атындағы ауыл

"Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Лермонтов негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

19

Жаңасу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Жаңасу негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

20

Новоалексеев ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Новоалексеев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

21

Приозерный ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Приозерный негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

22

Көбек ауылы

Центральный көшесі, 23 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

23

Обаған ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

24

Басбек ауылы

Ильяс Омаров көшесі, 8 бойынша орналасқан ғимараттың жанындағы стенд

25

Большая Чураковка ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы "Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Больше-Чураков жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

26

Силантьев ауылы

Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Алтынсарин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд

27

Щербаков ауылы

"Алтынсарин ауданы Мариям Хакимжанова атындағы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының жанындағы стенд


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады