Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 мамырда № 8486 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 19 қазандағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі әкімінің 19.10.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 3,1462 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Амангелді ауданы Құмкешу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Құмкешу
ауылдық округінің әкімі
А. Исмайлов

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Решение акима Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области от 24 мая 2019 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 28 мая 2019 года № 8486. Утратило силу решением акима Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области от 19 октября 2021 года № 5

      Сноска. Утратило силу решением акима Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района Костанайской области от 19.10.2021 № 5 (вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 19, пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" аким Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района РЕШИЛ:

      1. Установить акционерному обществу "Казахтелеком" публичный сервитут в целях прокладки и эксплуатации волоконно-оптической линии связи на земельные участки общей площадью 3,1462 гектар, расположенные на территории Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района.

      2. Государственному учреждению "Аппарат акима Кумкешуского сельского округа Амангельдинского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) разместить настоящее решение на интернет-ресурсе акимата Амангельдинского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Кумкешуского сельского округа
А. Исмайлов