2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4 тармағына, 19-бабының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қарабалық кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "SilkNetCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарабалық кентінің, Қарабалық ауданы аумағында орналасқан жалпы көлемі 2,8529 гектар жер учаскесіне талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарабалық кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғанынан кейін орналастыруын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарабалық кентінің әкімі | А. Шектыбаев |