Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 19.04.2024 № 128 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2016 жылғы 6 маусымдағы № 32 шешіміне (2016 жылғы 12 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет тағайындайды.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына немесе www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.