Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 29.04.2022 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Мәслихат шешімдерінің:
1) "Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 195 (2014 жылғы 28 мамырда "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4722 болып тіркелген);
2) "Қостанай облысы Қарасу ауданы Аманкелді ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 143 (2017 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7230 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихаттың 2019 жылғы 31 мамырдағы № 328 шешімімен бекітілген |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің (бұдан әрі - Қойбағар ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Қойбағар ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Қойбағар ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды Қойбағар ауылдық округінің әкімі шақырады.
Қарасу ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Қойбағар ауылдық округінің шегінде бөлек жиынды өткізуді Қойбағар ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қойбағар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарға тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды Қойбағар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Қойбағар ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қойбағар ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарасу аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қойбағар ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қойбағар ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың 2019 жылғы 31 мамырдағы № 328 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ | Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
1. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің Қойбағар ауылы тұрғындары үшін | 35 |
2. | Қостанай облысы Қарасу ауданы Қойбағар ауылдық округінің Амангелді ауылы тұрғындары үшін | 19 |